Үш қызды ұрып-соққан әйелдің баласы бөбектер үйіне орналастырылды

1619

Ал үш қыз сауығып, ауруханадан шықты.

Үш қызды ұрып-соққан әйелдің баласы бөбектер үйіне орналастырылды

Түркістан облысында өгей анасы соққыға жыққан үш жасөспірім ауруханадан шықты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жетісай ауданының Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның 2019 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен 2019 жылғы 20 сәуірде апалы-сіңлілі үш жасөспірім Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналастырылды. Ал аталған отбасындағы 1,5 жасар сәби Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының "Мамандандырылған бөбектер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналастырылды.

Балаларға дене жарақатын салып, оларды қорлаған әйел сот шешімімен, жүктілігіне байланысты үй қамаққа ауыстырылды.

Еске сала кетсек, 12 сәуірде Жетісайдағы Дінмұхамед Қонаев атындағы мектептің мұғалімдер бір отбасының үш қызының денесінен соққы белгілерін байқап, құзырлы органдарға жеткізген. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу