Үш жасар қыз пәтерде қамалып қалды

281

Кішкентай қыз кездейсоқ есікті iшiнен құлыптап алған.

Үш жасар қыз пәтерде қамалып қалды Фото: Видеодан скриншот

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы облысында пәтерде қамалып қалған үш жасар қызды құтқарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

 24 қаңтар құтқарушыларға жабық пәтерде жалғыз қалып қойған 2020 жылы туған баланың анасы жүгінді.

Алматы облысы Қаскелең қаласында анасы кіреберіске кілтсіз шыққан кезде кішкентай қыз кездейсоқ есікті iшiнен құлыптап алған.

"Жаңа есікті бұзбас үшін альпинистік жабдықтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кіру туралы шешім қабылданды. Бөбектi анасына тапсырдық, балаға медициналық көмек қажет болған жоқ" - деді құтқарушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу