Ұшақ апатынан зардап шеккен 9 адам ауруханада жатыр

844

Апат салдарынан стационарларға 52 адам жатқызылған болатын.

Ұшақ апатынан зардап шеккен 9 адам ауруханада жатыр

Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккен 9 адам әлі ауруханада жатыр. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сенсек, науқастардың жағдайы бірқалыпты. Ал балалардың бәрі үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Естеріңізде болса, апат салдарынан стационарларға 52 адам жатқызылған болатын. Оның 9-ы бала. Зардап шеккен 16 адам Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының медицина орталықтарында емделуде. Ересектердің жетеуі қалалық №4 клиникалық ауруханасында, екеуі шұғыл медициналық көмек көрсететін медицина мекемесінде, тағы екеуі орталық қалалық ауруханада жатыр.  Одан бөлек екеуі Алматыдағы көпбейінді клиникалық емханада ем-домын жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу