Үшінші полицейдің жағдайы ауыр

785

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. 

Үшінші полицейдің жағдайы ауыр

Алматыдағы №4 бақылау-өткізу бекетінде орын алған жол көлік оқиғасында көліктің сыртында тұрған полиция қызметкері жапа шекті. Бұл туралы  Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл оқиғадан үш полиция қызметкері зардап шекті. Үшіншісі көліктің сыртында тұрған. Ол планшетпен базадан көлік нөмірлерін тексеріп тұрған. Ербұлан Сейдазым Есірткі саудасына қарсы күрес басқармасының қызметкері, полиция аға лейтенанты. Бұл басқармада ол аға жедел уәкіл қызметінде жұмыс істеді. Полицияға 2016 жылы келген. Үйленген, бір баласы бар. Қазір ол бас ми жарақатымен ауыр хәлде  жансақтау бөлімінде жатыр", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Алматыда №4 бақылау-өткізу бекетінде мас жүргізуші патрульдік көлікті соғып, оның салонында болған екі полиция қызметкері қайтыс болды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу