Ұсталғандар ұйымдасқан қылмыстық топ болып шықты

548

Шу ауданындағы полицейлер қолға түсіріп, құрықтаған 5 азамат есірткі саудасымен айналысып келген қылмыстық топ болып шықты. Олар мамыр айынан бері өсімдік тектес есірткі құралдарын (марихуана, гашиш) дайындап, еліміздің басқа өңірлеріне өткізумен айналысқан.

Ұсталғандар ұйымдасқан қылмыстық топ болып шықты

Жүргізілген тінту кезінде жалпы салмағы 100 келiден асатын марихуана және гашиштің ірі партиясы, сондай-ақ "Ақсу" автоматы және 5,45 мм калибрлі 30-дан астам патрон табылды. 

Қазір ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты қылмыстық кодекстің 297-бабы 3 және 4 бөлігі бойынша, сондай-ақ 287-бапқа сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері кеше облыс орталығында тағы бір қару-жарақ қоймасын анықтап, "Калашников" маркалы автоматы, "ТОЗ-63" қос ұңғылы аңшылық мылтығы, "ИЖ-58" 16 калибрлі қос ұңғылы мылтықтың және 5.45 калибрлі 90-нан астам патронның кесіндісін тәркіледі. Табылған қару-жарақтарға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. 

Айта кетейік, қаңтардан бері өңірде 605 бірлік атыс қаруы тәркіленді. Оның 376-сы ұрланған, ал 229-ы – өзге де қылмыстық қарулар. Барлығы – 130 автомат, 219 түрлі тапанша, 7 граната атқыш, 1 пулемет, 58 мылтық және 190 тегіс ұңғылы мылтық, 154 граната және 22 990 оқ-дәрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу