Утиль алымға қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдау өтіп жатыр

350

Өнеркәсіп министрлігінен вице-министр Олжас Сапарбеков келді.  

Утиль алымға қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдау өтіп жатыр  Фото: Риа Новости

Утилизациялық алымға қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдау басталды.  Іс-шара Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Біріншіден, біз кәдеге жаратуды өндірістен бөліп алуымыз керек. Кәдеге жарату – бұл экологиялық талаптар мәселесі. Қазір осы петицияны қарау аясында біз Өнеркәсіп министрлігі өндірушілермен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен кәдеге жаратудың не үшін қажет екенін түсіндіріп жатқанын көріп отырмыз. Бұл экологияға қатысты мүлдем басқа мәселе, сондықтан оны тұжырымдамалық және тәжірибелік тұрғыдан бөлу керек", - деді Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков.

Сөзінше, кәдеге жарату жүйесі бойынша сұрақтар бар. 

"Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеуді жақсарту қажет. Петиция авторлары айтпақшы  кәдеге жарату төлемдерінің болуына қарамастан, бізде экологияны ластайтын қоқыс полигондары көп. Қор өз жұмысын ашық көрсетіп, жақын арада халықты қайта өңдеу зауыттары қызметінің нәтижелерімен таныстыруы тиіс деп ойлаймын", - деп атап өтті халық қалаулысы. 

Айта кету керек, елімізде утиль алымына қарсы петиция 50 мыңнан аса қол жинаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу