Утиль алымнан түскен қыруар қаржы орман шаруашылығын қаржыландыруға бағытталмақ.
Жауаптылар 37 млрд теңгені негізгі екі бағытқа жұмсауды көздеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қомақты сома өртті ерте анықтау жүйесін сатып алуға және орман тұқымбақтарын салуға қажет екен.
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті. Айтуларынша, қаулы заңды күшіне енген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу