Утилизациялық алымды артық төлегендерге 250 млн теңге қайтарылды

617

Қазақстанда ескі мөлшерлеме бойынша кәдеге жарату алымын төлегендерге 14 мамырдан бастап 250 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Утилизациялық алымды артық төлегендерге 250 млн теңге қайтарылды

"Осы жылдың 14 мамырынан бастап Оператор көлік құралдарына ескі мөлшерлемелер бойынша кәдеге жарату төлемін төлеген азаматтарға 250 млн теңгеден астам соманы қайтарды", - делінген "Жасыл даму" АҚ-ның ҚазТаг-қа жауабында.

Баспасөз қызметі мәлімдегендей, Экологиялық кодекске сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктеріне өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы кәдеге жарату төлемі енгізілген есепті кезең үшін салық заңнамасында көзделген корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны ұсынатын мерзімге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, артық төленген сомалар расталған жағдайда, өндірушілер мен импорттаушылардың жолданымдары негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы белгілеген тәртіппен жүргізілетін артық төленген сомаларды қайтару және (немесе) алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызу жатады. 

Автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын қайтару және (немесе) есепке алу өтініш арқылы жүзеге асады. 14 мамырды қоса алғанда берілген кәдеге жарату төлемін енгізуге арналған өтініш алдағы төлемдердің есебін қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға негіз болмақ.  

"Оператор 2021 жылдың 14 мамырынан бастап берілген кәдеге жарату төлемін енгізу өтінімдерін қайтару және (немесе) есепке жатқызу рәсімін орындау мүмкіндігі туралы хабарлайды", - деп нақтылады компания.

Осыған дейін ғаламторда "Жасыл дамудың" бұрынғы мөлшерлеме бойынша артық төлеген тұлғаларға ақшаны қайтаруға асықпайтындығы жарияланған болатын. Бұл қаражаттың және оны қайтару рәсімінің болмауымен түсіндірілген. 

Еске салайық, 11 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев "ӨКМ Операторы" ЖШС-ін кәдеге жарату алымын жүзеге асырудағы монополиялық құқығынан айыруды тапсырды. Президент шет мемлекеттерінде секілді бұл жұмыспен мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс деп атап өтті. 2022 жылдың 19 қаңтарында "ӨКМ Операторы" кәдеге жарату алымын жинау құқығынан айырылып, оның өкілеттігі "Жасыл даму" акционерлік қоғамына берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу