Ұзатылайын деп отырған бойжеткен сұлулық салонына барғанда қайтыс болды

35208

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келгенімен, қыздың өмірін құтқара алмады.  

Ұзатылайын деп отырған бойжеткен сұлулық салонына барғанда қайтыс болды Фото: freepik

Түркияның Сүрүсу ауданында тұрмысқа шығайын деп жатқан қыз сұлулық салонына барған соң кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Hurriyet.com.tr хабарлауынша 29 жастағы Тугче Акат сұлулық салонына барған соң өзін нашар сезіне бастаған. Оқиға орнына 112 жедел жәрдем бригадасы келгенімен, қыздың өмірін құтқара алмады. 

Медициналық көмек көрсеткен мамандар қыздың жүрегі талмасына ұшырағанын анықтады. Қыздың қуанышына жиналған ата-анасы мен туыстары, достары оның жаназасына қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу