Вакцина кесірінен алтын бағасы төмендеді

563

Сондай-ақ АҚШ-тағы саяси жағдай да динамикаға әсер етті.

Вакцина кесірінен алтын бағасы төмендеді Фото: reuters.com

Коронавирус дертіне қарсы вакцинаның тиімді екенін жарияланғаннан кейін, алтын құны арзандай бастады. Нью-Йорктегі Comex биржасындағы сауда қорытындысы бойынша, бағалы металдың бағасы шілде айындағы деңгейге дейін түсіп кеткен. Желтоқсан фьючерстері 14,1 долларға кеміп, 1823,7 доллар болды.

Pfizer мен Moderna компаниялары жасап шығарған вакциналардың тиімділігі жоғары екіні жарияланған соң, нарықта осындай динамика байқалып отыр. 23 қарашада AstraZeneca да өзі шығарған препараттың тиімділігі 70% деп мәлімдеген еді. Сонымен қатар АҚШ-тағы саяси тұрақсыздықтың сейілуі де алтынға кері әсерін тигізді. Ақ үй қожайыны Дональд Трамп билікті Джозеф Байденге тапсыруға рұқсатын берді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу