Вакцинациядан бас тартқандар жауапқа тартыла ма?

419

Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова ӨКҚ-де өткен брифингте қызылшаға қарсы вакцинация жасатудан бас тартқандарға қандай жауапкершілік жүктелетінін айтты.  

Вакцинациядан бас тартқандар жауапқа тартыла ма? Фото: Астана қаласының әкімдігі

"Вакцинациядан бас тартқаныңыз үшін жауапқа тартылмайсыз, вакцинация тек ерікті түрде жүргізіледі.  Ересек адам тек өзі үшін жауап береді. Бірақ балаларды вакцинациялаудан бас тартқан ата-ана баласының денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Бала кез келген азамат сияқты аурудан қорғануға құқығы бар. Балаларымызды қорғай отырып, біз жақындарымызды, өзге де балаларды қорғай аламыз. Популяция әсері деген сияқты құбылыс бар. Яғни біз қоғамда еш оқшауланусыз өмір сүріп жатырмыз. Елордада халықтың тығыздығының артуы бар, байланыс қарқындылығы, қозғалыс жылдамдығы жоғары. Біз өзімізді қаншалықты жақсы қорғасақ, қасымыздағы адамдарды да соғұрлым жақсы қорғаймыз. Инфекциялар үнемі біздің қасымызда жүретінін естен шығармағанымыз абзал. Олар бізді "жақсы көреді" және олар сол "махаббатты" көрсету үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланады. Ал біздің балаларымызға деген махаббатымызды көрсетудің жалғыз жолы – оларды уақытында вакцинациялау", - деді Сархат Бейсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу