Құрама Штаттардың қаржы министрі Стивен Мнучиннің айтуынша, Ақ үй Қытаймен келіссөздер барысында оларды Иран мұнайынан бас тартуға көндірмек. Бұл туралы министр Fox News телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті.
Оның сөзінше, АҚШ Ираннан мұнай тасымалдайтын қытайлық компанияға қарсы санкциялар салып, Иранның кірісін 95%-ға азайтқан.
"Мен Қытайдың ресми өкілдерімен кездестім. Олардың делегациясымен осы жағдайды талқыладық", – деді Мнучин.
Сондай-ақ америкалық министр Құрама Штаттардың Қытай билігімен тығыз қарым-қатынаста екенін және оларды ирандық мұнайдан толықтай бас тартуға көндіріп жатқанын жеткізді.
Табиғат Нұрболат