Вашингтон мен Анкара келісіміне қарамастан Сирияда атыс болды

986

Рас-әл-Айн қаласындағы атыстан кейін, шаһардың бірқатар бөлігі түтінге оранған. 

Вашингтон мен Анкара келісіміне қарамастан Сирияда атыс болды

Қарулы қақтығыс Сирияның солтүстігіндегі Рас-әл-Айн қаласында тіркелген. Бұл туралы Reuters агенттігі жариялады.

Ресми дерек бойынша, Рас-әл-Айн қаласындағы атыстан кейін, шаһардың бірқатар бөлігі түтінге оранған. 

Кеше, 17 қазанда Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс пен мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесу өткізіп, Шам еліндегі әскери операцияны тоқтату туралы келісімге келген еді. 

Естеріңізге сала кетсек, 9 қазанда Түркия әскері Сириямен шекара жағынан сириялық күрдтер жасағының бақылауындағы аудандарға енген болатын. Ондағы мақсат – Сирияның солтүстік аймағынан "Күрдістанның жұмысшы партиясы" мен "Ирак және Левант" лаңкестерін ығыстырып, қауіпсіздік аймағын құру. Бұл аймаққа түрік билігі екі миллионға жуық сириялық босқынды орналастыруды көздеп отыр. 

"Күрдістанның жұмысшы партиясы" – Түркия, АҚШ және Еуроодақ лаңкестік деп таныған ұйым. Ол соңғы 30 жыл бойы Түркия билігіне қарсы операциялар жүргізіп келеді. Daily Sabah дерегі бойынга, осы уақытта дейін оның салдарынан 40 мыңға жуық адам қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу