Вашингтонда Израиль елшілігінің қос қызметкері оққа ұшты

134

Оқиға орнында федералды тергеу бюросы мен Вашингтонның қалалық полициясы жұмыс істеп жатыр.

Вашингтонда Израиль елшілігінің қос қызметкері оққа ұшты Фото: Jonathan Ernst/Reuters

Оқыс оқиға Вашингтондағы Еврей музейінің кіре берісінде кешкі сағат 21-00 шамасында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

"Бүгін түнде Вашингтондағы Еврей мұражайының жанында Израиль елшілігінің екі қызметкері мәнсіз түрде өлтірілді", – деді Ұлттық қауіпсіздік қызметінің хатшысы Кристи Ноем X арнасындағы жазбасында.

Чикаго қаласының Елиас Родригес есімді 30 жастағы тұрғыны музей алдында біраз уақыт торуылдап, Израиль азаматтары ғимарат есігінен шыға бергенде оларға оқ жаудырған. Әзірге қылмыстың себептері ашық жарияланбады. 

"Қазір синагогалар мен еврей қауымдастығына қарасты ұйымдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді", – деді қала мэрі.

"Мен Президент Дональд Трамппен осы кеште бірнеше рет телефон арқылы сөйлестім. Ол қайғыларыңызға ортақ екенін жеткізді. Мемлекеттік, жергілікті және федералды құзырлы органдар, білікті прокурор Джанин Пиро мәселені толықтай бақылауына алады. Барша азаматтарымыздың амандығы үшін, әсіресе бүгін түнде еврей қауымының қауіпсіздігі үшін қолдан келгенін жасаймыз. Егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, заңның барлық талаптары бойынша жауапқа тартылады", – деп мәлімдеді АҚШ бас прокуроры Пэм Бонди.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу