Вейп туралы заң: Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті

330

Құжат Мемлекет басшысына жолданады. 

Вейп туралы заң: Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті Фото: pixabay.com

Мәжіліс вейпке қатысты заңға Сенат енгізген өзгерістермен келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сенат депутаттары жекелеген баптарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліс қабылдаған заңның тұжырымдамасын өзгертпейді және оның мазмұнын нашарлатпайды. Осыған байланысты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жекелеген баптарына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісуді ұсынамыз", - деді Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова.

Айта кету керек, осыған дейін Сенат вейпке қатысты заңды Мәжіліске қайтарғанын жазған болатынбыз. Жоғарғы палата депутаттары заңның жекелеген баптарын мақұлдамады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу