"Бек Эйр" ұшағының апатында зардап шеккен 3 жолаушы ғана өтемақы алған. Бұл туралы "Аманат" сақтандыру қорының қоғаммен байланыс маманы айтты, деп хабарлайды Atameken Business.
Дінмұхаммед Зиядиннің айтуынша, үш адам ғана толық құжаттарын тапсырып, ақшалай төлемді алуға өтініш білдірген. Олардың барлығына қаза тапқандарды жерлеуге кеткен шығындарын өтеуге қаражат берілген. Оның көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке тең. Яғни, отбасыларға 265 мың 100 теңге аударылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу