Венесуэла президенті Илон Маскты жекпе-жекке шақырды

223

Венесуэла президенті Николас Мадуро миллиардер Илон Маскқа Венесуэлаға жекпе-жекке келуді ұсынды. 

Венесуэла президенті Илон Маскты жекпе-жекке шақырды Фото: tinsider.com.tr

Шақыртуға оң жауап берген Маск жекпе-жекке қатысты бір шарт қойды: егер миллиардер өзі жеңсе, онда Мадуро қызметінен кетеді, ал президент жеңген жағайда, ол оны Марсқа тегін ұшыруға уәде берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Маск менің ұсынысымды қабыл алды. Илон Маск, мұны істейік, бірақ осында келіңіз, мен осындамын. Егер мен жеңсем, мен сенің ұсынысыңды қабылдап, Марсқа саяхат жасаймын, бірақ сен менімен бірге ұшасың", — деді Мадуро журналистерге.

Бұған дейін Венесуэла президенті Америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск Венесуэланы иемденбекші, ал елдегі тәртіпсіздіктер колумбиялық есірткі трафигі мен АҚШ билігі есебінен қаржыландыратынын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу