Венесуэла соты президенттікке үміткер болған Гонсалесты тұтқындауға ордер берді

164

Ол сот шақыруымен жауап беру үшін үш рет келмеген. 

Венесуэла соты президенттікке үміткер болған Гонсалесты тұтқындауға ордер берді Фото: © APA | Эдмундо Гонсалес

Венесуэланың бірінші сатыдағы бақылау соты Біріккен оңшыл оппозицияның президенттікке бұрынғы кандидаты Эдмундо Гонсалесті ұстауға ордер берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елдің Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

"Бірінші сатыдағы Ұлттық бақылау соты Эдмундо Гонсалес Уррутияны ауыр қылмыс жасағаны үшін ұстау туралы қаулы қабылдады", - делінген Венесуэла Бас прокуратурасының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу