Венесуэлада Масктың әлеуметтік желісі жұмысын уақытша тоқтатты

210

Әлеуметтік желі Венесуэла заңнамасын бірнеше рет бұзды деп айыпталды. 

Венесуэлада Масктың әлеуметтік желісі жұмысын уақытша тоқтатты Фото: Lenta.RU

Венесуэланың ұлттық телекоммуникация комиссиясы X әлеуметтік желісінің жұмысын он күнге тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған дейін президент Николас Мадуро елде TikTok, WhatsApp және Instagram-ға кіруді шектеуді ұсынған болатын. Ел басшысы бұл қосымшаларда шетелдің наразылық қозғалысына қосылуға шақыратын контент таратылып, азаматтар арасында өшпенділік тудырады деген пікірде.

"Twitter деп аталған X әлеуметтік желісі Илон Маскқа тиесілі. Әлеуметтік желі жеккөрушілікті, фашизмді, азаматтық соғысты, өлімді, венесуэлалықтардың қарсыласуын тудыру арқылы ережелерді бұзып отыр, бұл Венесуэланың барлық заңына қайшы. Біз Венесуэладағы заңды орындаймыз", - деді Мадуро.

Президент Николас Мадуро тиісті жарлыққа қол қойды. 

Айта кету керек, осыған дейін Еуропалық кеңес Венесуэладағы сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартқанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу