Вице-министр мәжбүрлі армия туралы сұрақтан жалтарып кетті

838

Қазір жастарды "көшеде жүрген жерінде күштеп әскерге алып кету", "әскерде соққы алу" жағдайлары туралы мәселе талқыланып жатыр. Бұған қатысты журналистер Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың пікірін сұрап көрді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Вице-министр мәжбүрлі армия туралы сұрақтан жалтарып кетті

"Әскерге алудың тәртібі бар. Бірақ уақытында шақыртуға келмегендерге қатысты процедуралар болады. Мүмкін сондай жастарды алып кеткен болар... Әр фактіні жеке-жеке қарау керек", – деді ол.

Ал жеке бір оқиға бойынша сауал қойылғанда дайын емес екенін байқатып, артынан жазбаша жауап бере алатынын айтты.

Оның айтуынша, әскерге шақырылғандардың цифрлық профилі дайындалып жатыр.

"Әскерге бару – маңызды нәрсе. Жастар өз Отанын қорғауды ойлауы керек. Шекара маңында көп нәрсе болып жатқанын түсінуіміз керек. Жастар цифрлық дүниелерді ойлап жүріп, мұны ескермейді. Ал сіздер айтқандай, әскерде болатын әртүрлі келеңсіз жайттар туралы айтсам... Жастар мен ата-аналар әртүрлі болады. Жергілікті атқарушы билік идеология тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Негізгі жұмыс осы идеологиялық түсіндіруге байланысты. Қазір шақырылғандардың цифрлық профилі әзірленіп жатыр. Онда әр жастың қандай спортпен шұғылданатыны, қай салаға қызығатыны туралы ақпарат болады. Сол нәрсемен қатар суицид туралы талдау жүргізіледі", – деген пікірін айтты Тұяқов.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу