Висконсин штатындағы дауыстар қайтадан саналатын болды

421

Оның қорытындысы 1 желтоқсаннан кейін жарияланады. 

Висконсин штатындағы дауыстар қайтадан саналатын болды

АҚШ-тың Висконсин штатындағы сайлау комиссиясы қазіргі президент Дональд Трамптың талабын орындамақ. Яғни сайлауда таңдауын жасағандардың дауысын қайтадан санап бермекші. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
18 қарашада комиссия Трамп штабының өтінімін қарастырып, жартылай санақ өткізуге келісімін берді.Енді бұл процесс 1 желтоқсанға дейін жалғаспақ.  Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұған  америкалық президент 3 миллион доллардай шығындамақ. 

Трамп штабы бұдан бөлек Мичиган мен Пенсильвания штаттарындағы дауыстарды санауды тоқтату туралы қуынымды сотқа жіберген еді. 

Еске сала кетсек, 3 қарашада Құрама Штаттарда президент сайлауы өткен болатын. Ең жоғарғы мемлекеттік лауазымға қазіргі президент Дональд Трамп пен демократ Джо Байден таласып жатыр. Саяси текетірестің қорытындысы ресми түрде жарияланбады. Бірақ кейбір жергілікті ақпарат құралдары өздерінің бейресми есебін жариялап жатыр. Мысалы, CNN арнасының дерегіне сүйенсек, сайлаушылардың дауысы (electoral vote)  бойынша Байден алда келеді. Ол 306 дауыс жинаған. Ал Трамптың еншісінде әзірге 232 дауыс.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу