Вitcoin бағасы демалыс күндері күрт құлдырады

1070

Сарапшылар бұған Дональд Трамптың валютаны сынға алуы түрткі болып отыр деп есептейді. 

Вitcoin бағасы демалыс күндері күрт құлдырады

Ең танымал криптовалюта bitcoin бағасы демалыс күндері күрт төмендеді. Сарапшылардың айтуынша, бұған Ақ Үй басшысы Дональд Трамптың валютаны сынға алуы түрткі болып отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. 

Bitcoin жұма күні 12 пайызға құлдырап, 10428,23 АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар Ethereum 15 пайызға, ал Litecoin 14 пайызға төмендеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп бейсенбіде Твиттердегі парақшасына: "Мен Биткоин және басқа да криптовалюталарды ұнатпаймын, ақша деуге келмейді. Өйткені олардың құндылығы тұрақсыз", – деп жазған болатын.

Сондай-ақ ол Facebook-тің Libra деп аталатын валютасын ұнатпайтынын жасырмады.

АҚШ президентінен бөлек федералдық сақтық қоры жүйесінің басшысы Джером Пауэлл, Францияның қаржы министрі және елдегі орталық банк басшылары да Libra-ның енгізілуін қолдамайтынын білдірді.

Торонтодағы Oanda Corp. бас сарапшысы Альфонсо Эспарза криптовалюта бағасының төмендеуіне Трамптың әлеуметтік желідегі жазбасы әсер етіп отыр дейді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу