Владимир Беккер бейбіт күннің батырларын марапаттады

770

Владимир Беккер қызметкерлерге үздік қызметтері үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі, сондай-ақ Руслан Жамиге адамдарды құтқару кезінде көрсеткен қырағылығы мен жанқиярлығы үшін алғыс білдірді.

Владимир Беккер бейбіт күннің батырларын марапаттады

Бүгін ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы генерал-майор Владимир Беккер ерлік жасаған батырларды салтанатты түрде құттықтап, марапаттады, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД "Есіл" ауданы ТЖ басқармасының аға инженері Диас Заку мен ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының курсанты Серік Аманжолов "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен, ал балықшы Руслан Жами ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың алғысхатымен марапатталды.

Владимир Беккер қызметкерлерге үздік қызметтері үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі, сондай-ақ Руслан Жамиге адамдарды құтқару кезінде көрсеткен қырағылығы мен жанқиярлығы үшін алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 шілдеде астаналық ТЖ департаментінің қызметкерлері, атап айтқанда "Есіл" ауданы ТЖ басқармасының аға инженері Диас Заку және Көкшетау техникалық институтының курсанты Серік Аманжолов өзенде ер адамның жүзіп, қыздың суға батып бара жатқанын көрген сәтте, еш ойланбастан көмекке ұмтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу