Волейболдан Қазақстан ерлер командасы Қытайға жол берді

1334

Бүгін қазақстандық команда Азия үздігі – Иранға қарсы ойнайды.

 Волейболдан Қазақстан ерлер командасы Қытайға жол берді

7 қаңтар күні Қытайдың Джианмен қаласында волейболдан ерлер арасындағы Азия аймақтық іріктеу турнирі басталды. Өкінішке қарай, қазақстандықтар алғашқы ойында жеңіліс тапты, деп жазады Olympic.kz.

Бірінші кездесуде Қазақстан командасы Қытаймен жолыққан болатын. Аталған матчта қытайлықтар 3:0 (14-25, 16-25, 14-25) есебімен жеңіске жетті. 

Бүгін қазақстандық команда Азия үздігі Иранға қарсы ойнайды.

Ал Тайландта өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан әйелдер командасы Иранды 3:0 есебімен ұтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу