Волонтерлер Президенттен экологиялық туризмді дамыту жобасына қолдау көрсетуді сұрады

875

Әсел Исанова Мемлекет басшысына ашық хат жолдады.  

Волонтерлер Президенттен экологиялық туризмді дамыту жобасына қолдау көрсетуді сұрады

Алматы қаласындағы қоршаған ортаны қорғау мәселесімен айналысатын волонтерлер Қазақстан Президентінің атына Іле Алатауы ұлттық паркіндегі экологиялық туризмді дамытуға арналған жобаны қолдауды сұрап, хат жолдады.

"Іле Алатауы ұлттық паркі жанындағы қоғамдық кеңесте уәде бергенімдей, біз ел Президентіне ашық хат жолдадық. Менің атымнан. Не үшін? Біздің атқарып жатқан ісімізге кедергі келтірмеуі үшін. Ұлттық парк аумағында табиғат та, адам да қауіпсіз болуға тиіс. Міне, біз жастармен бірге күн-түн демей, жұмыс істеудеміз", – деп жазады волонтер Әсел Исанова.

Волонтердің пікірінше, Ұлттық паркті басқаруда шешім қабылдауды талап ететін мәселелер пісіп-жетіліп отыр.

"Сізге осы хатты жазу себебім, біз, туристер көптеген жылдар бойы көптеген қиындықтармен бетпе-бет келудеміз:

  1. Ұлттық парк аумағында болу мәдениеті мүлде дамымаған.
  2. Күн санап көбейген туристер ағыны басқарылмайды әрі олардың арасында өлім-жітім көп.
  3. Таулы жерде бақылау-құтқару бекеттері орнатылмаған.
  4. Жұртшылықтың тауға көтерілуіне коммерциялық көмек беретін тау гидтерінің қызметін реттейтін, оның құзыреті мен тәжірибесін растайтын заң қабылданбаған.
  5. Паркке кіретін және адам көп жиналатын жерде бірыңғай негіздегі инфрақұрылым жасалмаған. 

Сол себепті, біздің "Turanga group" командасы инфрақұрылым қалыптастыру және экотуризмді дамыту ғана емес, ең алдымен, еліміздің келешегіне қажет игі істерді іс жүзіне асырғысы келетін адамдарға арналған алаңқай құру жоспарланған жобаны Сіздің жан-жақты қолдайтыныңызға сенеді.

Біз табиғат аясында болу мектебін ("Тамыр") және волонтерлер қозғалысын жоспарлаудамыз. Аталған екі жоба да табиғатқа деген саламатты көзқарасты, қауіпсіз демалу мәдениетін дамытуға арналған.

Бұл жоба туған жердің тағдырына бей-жай қарамайтын барлық адамдардың күш-жігерін бір жолға біріктіруге мүмкіндік береді.

Іле Алатауы ұлттық паркінде кездескенше!", – деп жазады волонтер.

Хабарлағанымыздай, Іле Алатауы ұлттық паркінде экологиялық туризмді қоршаған ортаға зиян келтірмей дамыту жөніндегі бас жоспарды іске асыру жоспарлануда. Ұлттық парк жанында Қоғамдық кеңес құрылып, оған қоғам белсенділері, табиғатқа бей-жай қарамайтын азаматтар, ғалымдар, сарапшылар кірді. Өткен аптада Қоғамдық кеңес Ұлттық парктегі эко-туризмді дамыту жобасын қолдады.

Жобада, атап айтқанда, тегін әжетхана, түрлі жастағы адамдарға арналған тау жолдары, құтқарушылар қызметін құру, тегін анықтама беретін сапарлау орталығын, көру алаңқайларын салу қарастырылған. Паркке кіру тегін күйінде қалады. Инвестор 4 жыл ішінде аталған жобаға 12 млрд теңге салуды жоспарлауда. Барлық 34 жер учаскесін мемлекет жалға емес, уақытша пайдалануға береді. Яғни, жерге мемлекеттік акті берілмейді. Бұл ретте аталған учаскелер ұлттық парктің туризмді дамытуға рұқсат етілген аймағында орналасқан. Парктің көп бөлігіне қол тигізілмейді.

Жобада күрделі құрылыс пен бетон пайдалану көзделмейді. Барлық салынатын нысан жеңіл әрі уақытша.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу