Тоқаев: Волонтерлер ұйымдарының саны үш есе өсті

496

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр. 

Тоқаев: Волонтерлер ұйымдарының саны үш есе өсті Фото: pixabay.com

Қазір елімізде волонтерлік ұйымдар саны 3 есе өсті, яғни 680 ұйым бар. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев форум барысында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Соңғы жылдары елімізде ауқымды реформалар қолға алынды, тың жобалар жүзеге асырылды. Бұл жұмыс табысты болу үшін оған бүкіл қоғам атсалысу қажет, яғни мемлекет пен қоғамның сенімді серіктестігі маңызды. Осы ретте біздің белсенділер түрлі салада белсенді жұмыс істеп жүр. 

Қазақстанда 2020 жыл - "Еріктілер жылы" болды, біраз шаруа атқарылды. Қазір елімізде волонтерлік ұйымдар саны 3 есе өсті, яғни 680 ұйым бар. Еріктілер саны 200 мыңға жетті. Барлық аймақтарда фронт-офистер ашылды, онда мыңдаған волонтерлер дайындықтан өтті", - деді Мемлекет басшысы.

Форумға 34 елден 140-тан астам еріктілер қатысып жатқанын еске саламыз. Сонымен қатар, 50 шетелдік спикер келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу