West Oil Software компаниясы жаңадан 20 адамды жұмысқа қабылдады

337

Үміткерлер ереуілге шыққандардың орнына қабылданып отыр.  

West Oil Software компаниясы жаңадан 20 адамды жұмысқа қабылдады Фото: West Oil Software компаниясының баспасөз қызметі

Жұмыссыздық тізімінде кезекте тұрған 20 азамат West Oil Software мекемесіне жұмысқа орналасты, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания директорының орынбасары Ақылбек Садуевтің айтуынша, жұмысқа орналасуға үмітті 75 азаматтың 20-сы әңгімелесудің барлық кезеңдерінен өтіп, жұмыстарына кірісті.

"Бірінші кезекте жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі компанияның талаптарына сәйкес келетін 20 адам іріктелді. Қазіргі таңда олар жұмыс орындарына бөлінді, барлық құжаттарын жинап, физикалық тексеруден өткеннен кейін жұмыстарына кіріседі", - деп мәлімдеді Ақылбек Садуев.

Компания заңсыз наразылық акциясын тоқтатуға ниеті жоқ адамдардың орнына кезең-кезеңімен мамандар жинайтынын атап өтті.

"Жұмысын жалғастырғысы келетін жұмысшылар бос лауазымдарға өзге азаматтар жұмысқа қабылданғанға дейін жұмысына қайта оралуына мүмкіндігі бар", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, West Oil Software компаниясы жұмысқа кезекте тұрған үміткерлермен әңгімелесуді бастайтынын мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу