Әлемдік нарықта алтынға деген сұраныс артады. Оған Қытай мен Үндістанның бағалы металл қорын арттырып, бірқатар құрылымдық реформа жасауы себеп болуы мүмкін. Дүниежүзілік алтын кеңесі осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.
Кеңес мүшелері мұның кей елдердің экономикалық өсіміне кері әсерін береді деген пікірде. Мәселен, 2019 жылдың І тоқсанында алтынның алыс-берісі 5%-ға артқан. Ал ІІ тоқсанда біршама құлдырап барып, қайта көтерілген. Дегенмен, алтынға деген сұраныстың артуына федералды резервтің те әсері бар.
Қазір дамыған елдер мемлекет қорын құнды қағазбен емес, алтынның үлесін екі еселеп сақтауды қалайды. WGC бұл санатта Жапония Орталық банкінің де жақсы жұмыс істеп жатқанын айтады. Мұнда биыл бағалы металл резерві 4%-ға артқан.