Whatsapp-тағы тасқынға байланысты көмек сұрау туралы әрбір үшінші хат фейк. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Себебі алты чаттан 3 күнде 50 шақты фейк хабарлама анықталған.
Полиция қызметкерлері бұл хаттардың алаяқтардың қитұрқы әрекеті екенін анықтаған бойда авторлардың телефон нөмірін бұғаттап, хаттардың көзін жойған.
Тәртіп сақшылары күдік тудырған хат бойынша Whatsapp-қа +7-747-429-02-03 нөміріне хабарлауды сұрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу