Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы 18 қаңтарға арналған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жаңартылған рейтингте қазақстандықтар сапынан Елена Рыбакина ТОП-20 қатарында тұр. Ол бұрынғы 19-орнын сақтап қалған.
Юлия Путинцева 38-орынға тұрақтаса, Зарина Дияс 80-сатыдан бір орын төмен сырғыды.
Әлемдік рейтинг көшін австралиялық Эшли Барти бастап тұр. Екінші орында румыниялық Симона Халеп, үшінші сатыда жапониялық Наоми Осака.
Айта кетелік, Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина Абу-Дабиде өткен WTA турнирінде бақ сынаған болатын.
Өкінішке қарай, екі ойыншы да жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу