Ядролық қаруға қарсылық күні атап өтіледі

1312

29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күні.

Ядролық қаруға қарсылық күні атап өтіледі

Тамыздың 29 күні дүниежүзінде "Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күні" ретінде жарияланғанына 10 жыл толуы аталып өтеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 29 тамызда халық шешімі негізінде Семей ядролық алаңын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл тарихи күн 2009 жылы  БҰҰ бас ассамблеясының қарарымен ресми түрде "Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күні" болып жарияланды.

"Сыртқы істер министрлігі БҰҰ қарусыздану жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып 28-29 тамызда "Ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы консультациялық тетіктерді дамыту және нығайту" тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырады. Семинарға көптеген ел мен халықаралық ұйымдар қатысып, ынтымақтастықты нығайтудың әдістері мен перспективалары, аймақаралық ынтымақтың мәселелері қаралады",– деді ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, ресми өкіл 29 тамыз күні Нью-Йорктегі БҰҰ хатшылығында Қазақстандық тарап ядролық қаруға тиым салу туралы шарты ратификация инструментін тапсыру рәсімін өткізетіндігін жеткізді.

"Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін" Назарбаев силығы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күнінің шарықтауы болады. Бұл рәсім 29 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі",– деді СІМ ресми өкілі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу