"2021 жылдың тамыз айының бірінші онкүндігінің ортасынан бастап, Батыс Сібірдің үстінде биік циклон орналасқан еді. Бұл орман өрттері орын алған Якутия аймақтарынан Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауа массасын тасымалдауға ықпал етті. Бұдан әрі орман өрттері түтіні Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне біртіндеп таралды. Онда жергілікті дала өрттері атмосфералық ауа сапасының нашарлауына әсер етті", – деп жазылған ведомство таратқан ақпаратта.
Өткен аптаның соңында Якутиядағы орман өрттерінен шыққан түтін Павлодар мен облыстың кейбір аудандарын басты деп хабарланған болатын.