Ыстамбұл шіркеуіндегі атыстан кейін ұсталған күдіктілер арасында Ресей азаматы бар

337

Бұл туралы журналистерге Түркия ІІМ басшысы Әли Ерлікая мәлімдеді.  

Ыстамбұл шіркеуіндегі атыстан кейін ұсталған күдіктілер арасында Ресей азаматы бар Фото: kpcdn.net

Түркия полициясы 28 қаңтарда болған шіркеудегі атысқа қатысы бар деген күдікпен 47 адамды ұстады, олардың арасында Ресей азаматы да бар., деп жазады inbusiness.kz сайты "ТАСС" агенттігіне сілтеме жасап. 

"Шіркеуге қарулы шабуыл жасау туралы істі тергеу аясында 30 мекенжай бойынша операциялар жүргізілді, нәтижесінде 47 адам ұсталды. Оның ішінде бір Ресей азаматы және бір Тәжікстан азаматы бар. Олардың "Ислам мемлекетіне" (ұйым – ред.) қатысы болуы мүмкін", - деді ол.

Министрдің айтуынша, ұсталғандар қауіпсіздік басқармасына жеткізілді, олардан төтенше жағдайға қатысты жауап алынады.

"Ыстамбұл ғасырлар бойы әртүрлі конфессияның өкілдері үшін пана болды, алдағы уақытта да солай болып қалады. Біз еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты бұзғысы келетіндерге ешқашан жол бермейміз", - деп атап өтті Әли Ерлікая.

Еске сала кетсек, жексенбі күні таңертең екі қарулы адам Ыстамбұлдағы христиан шіркеуінде оқ жаудырды. Әдейі жасалған қастандық делінген оқиға кезінде бір адам қаза тапты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу