Ыстықкөл облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды. Оқиға Шырпықты мен Тору-Айғыр ауылдары арасындағы жолда орын алған деп жазады inbusiness.kz Sputnik Кыргызстан-ға сілтеме жасап.
Қайтыс болған азаматтардың туыстары Қара-Балтада тұрған. Олар үш көлік мініп, Ыстықкөлге демалуға барған.
Қайтар жолда ортадағы Opel көлігінің дөңгелегі жарылған. Жүргізуші көлікті басқара алмай, көлік аударылып, жолдан шығып кеткен. Оның ішінде жеті адам болды.
Екі жолаушы – Қазақстан азаматтары оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы мен көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Жүргізуші ауруханада көз жұмды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу