Ыстықкөлде Қазақстан азаматын қайық соғып, қаза қылды

271

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Ыстықкөлде Қазақстан азаматын қайық соғып, қаза қылды Фото: freepik.com

Қырғызстанда Ыстықкөлде қайықтың соқтығысуы салдарынан қазақстандық қаза тапты.Ыстықкөл облысы ІІД мәліметінше, оқиға 15 шілде күні кешке болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Балықшы қаласының тумасы, қазіргі Қазақстан азаматы К.Б. (1982 жылы туған) Қара-ой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінің жағажайында қайық соғылғаннан кейін аудандық ауруханаға жеткізілді. Келесі күні ер адам реанимацияда қайтыс болды.

Тергеуге дейінгі іс-шаралар барысында су қайығы иесінің (Ыстықкөл ауданының тумасы, 1992 жылы туған) және жүргізушінің (Қара-ой ауылының тумасы, 2006 жылы туған) жеке басы анықталды.

Осы факті бойынша Ыстықкөл облысының ішкі істер департаменті Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 127-бабында көзделген "Абайсызда адам өліміне әкеп соғу" және 311 бабы "Жол қозғалысы, темір жол, әуе немесе су көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу