Юрий Ильин Аян Кемпіровке ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыс етті

582

Юрий Ильин парызын өтеу кезінде зардап шеккен өрт сөндірушілердің жағдайын сұрап ауруханаға барды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Юрий Ильин Аян Кемпіровке ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыс етті Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

ТЖ министрі Юрий Ильин адамдарды құтқару барысында зардап шеккен елордалық өрт сөндірушілер Асқар Забикулин мен Аяна Кемпіровтің жағдайын білу үшін ауруханада барды.

Юрий Ильин өрт сөндірушілер Асқар Забикулин мен Аян Кемпировтың емі қалай жүріп жатқанын білді. Қызметкерлердің туыстары мен жақындарымен кездесіп, оларға шыдамдылық, табандылық және тез сауығып кетуін тіледі. 

Министр аурухананың бас дәрігерінен – дәрі-дәрмектің емделуге жеткілікті ме, жоқ па, барлық қажетті дәрі-дәрмектердің бар екенін білді.

Қазіргі уақытта Асқар Забикулин №1 көпсалалы қалалық аурухананың реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр, күйік ауданы 80%, жағдайы өте ауыр деп бағаланады.

Тағы бір зардап шеккен № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров комбустиология бөлімінде ем қабылдап жатыр, күйік ауданы-7-10%.

Ауруханаға барған кезде Министр № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіровке Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасын тапсырды.

"Маған Мемлекет басшысы жоғары сенім білдіріп, өз атынан біріншіден, қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығыңыз үшін алғыс айту тапсырылды. Сіздің тез сауығып кетуіңізді тілеймін. Сонымен қатар осы жерде тұрған дәрігерлерге жеделдігі мен уақтылы атқарылған жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді. Олардың айтуынша жағдайыңызда жақсару динамикасы бар", - деді Юрий Ильин.

Сонымен қатар, ТЖ министрі Юрий Ильин мен Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Асқар Забикулиннің отбасына барып, үш бөлмелі пәтерге сертификат табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен беріледі. Сонымен қатар, өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетілетіні атап өтілді. Екі отбасына да несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Елордадағы көпқабатты үйден өрт шығып, құтқарушылардың күйік шалғанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ, Президент Астанада 3 адамды құтқарған өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу