Ішкі істер министрі Ержан Саденов бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер "Тергеу изоляторында отырған Бишімбаевтың басқа айыпталушылармен жағдайы бірдей ме?" деп сұрады.
"Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Заң алдында бәрі бірдей", - деп жауап берді ІІМ басшысы Мәжіліс кулуарында.
Ведомство басшысы экс шенеуніктің заңнамаға сәйкес жалпы камерада отырғанын айтты.
Айта кету керек, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындамағанын жазған болатынбыз. Бұрынғы министр әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу