Заңға алғаш рет "қатігез әрекеттер" түсінігі енді

1085

Енді қатігез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады. 

Заңға алғаш рет "қатігез әрекеттер" түсінігі енді Фото: tengrinews.kz

Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулардың заң жобасы қаралды.

Онда “азаптау” ұғымы нақтыланып, алғаш рет қазақстандық заңнамаға “қатігез әрекеттер" түсінігі енгізілді. Түзетулердің барлығы алты бағытты қозғайды, олар арқылы қылмыстық сот төрелігі саласында адам құқықтарын іске асыру тетіктерін кеңейту жоспарланып отыр.

“Бұл азаптау жағдайларын қатыгездіктен ажыратуға, сондай–ақ оларды жасағаны үшін жауапкершіліктің болмауына байланысты заңнамадағы олқылықты жоюға мүмкіндік береді” - дейді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

 Ведомство басшысы осылайша БҰҰ-ның азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына жататын бөліктерде қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге мүмкіндік беретінін айтады.

Бұдан басқа, отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтардың құрамына, атап айтқанда: ҚР ҚК-нің 106-бабы, 107-бабы (Денсаулығына ауыр зиян және ауырлығы орташа зиян келтірілуіне); саралау белгілері – кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау енгізіледі.

Министрлік заңға енген түзетулерді түсіндіру мақсатында ресми сайтына ақпарат жариялаған.

“Осылайша, қылмыстың ауырлық дәрежесі күшейеді (107 -бап – орташа ауырлықтан, 3 жасқа дейін) және санкция артады (106 – бап қазір-3-тен 8-ге дейін, болады-6-дан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру). Сондай-ақ бұрын жазасын өтеген адамдардан бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандарды бөлек ұстау енгізіледі” - делінген министрліктің сайтында жарияланған хабарламада.

Қылмыстық-атқару кодексінде сотталған әйелдердің балаларымен қарым - қатынасына қатысты да түзетулер енгізілді. Мәселен бала үш жасқа толғанға дейін колонияларда бола алады. Әйелдер балаларын еш шектеусіз, жұмыстан бос уақытта көре алады.

Алайда, үш жасқа толғаннан кейін балалар жақын туыстарына немесе балалар үйіне беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу