Заңгер Әділетхан Молдаханның шығындары 35 миллион теңгеге жетуі мүмкін

Бұл туралы телеграмдағы "Бұзық" арнасы жазды.    

Заңгер Әділетхан Молдаханның шығындары 35 миллион теңгеге жетуі мүмкін Фото: Buzyq Telegram

Осыған дейін де Әділетхан Молдаханнан жәбірленушінің адвокаты 11 миллион теңге талап еткені белгілі болған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер Алматы полициясында жұмыс істеген, басшылық қызметте болған – Ержан Ұзабаев пен Серік Шұмаев. Олар Әл-Фараби даңғылы бойындағы жол апатынан соң жұмыссыз қалды. Ал сол резонансты оқиғаны заңгер әлеуметтік желіде қатаң сынаған еді. 

Жоғарыда аты аталған телеграм арнаның жазуынша, экс-полицейлер өтемақы сұрап отыр.

Мұнымен қоса, сот айыппұл салса, Әділетхан Молдаханнан мемлекеттік бюджетке тағы да қаражат түседі. 

Жаза кеткен жөн, сәуір айында ғана заңгерді қамау мерзімі 2 айға ұзартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу