Алматылық заңгерлер БЖЗҚ басшылығын сотқа бермекші. Айтуынша, қор 2013-2018 жылдардағы аудиттік есепте заңсыздықтарға жол берген, деп хабарлайды Atameken Business.
Нақтырақ айтсақ, 43 млн теңгеге тапсырыс берген Делойт аудиторлық компаниясы қасақана қате жіберген. Қате аудиттік емес стандарттар қолданылған. Тіпті салықтық есепте де заң бұзушылықтар бар. Зейетақы активтерінің орнына, зейнетақы жүйесі тексерілген.
"Біздің ойымызша, мұнда жемқорлық белгілері бар. Бұл жерде аудиторлық компанияның қымбат болуының өзі күмән тудырады. 43 млн теңге өте жоғары. Мүмкін өздерінің қандай да бір заңсыздықтарын бұғып қалғысы келген болар",–дейді Станислав Лопатин.
Енді заңгерлер аудиттік есепті қайта жүргізуді талап етіп отыр. Сондай-ақ, қате жіберген компаниядан ақшаны қайтару керектігін алға тартты. Ал қор басшысығы болса, заңгерлердің сөзін елемеуге шақыруда. Олардың сөзінше, сотқа беру ақылға қонымсыз.