Запастағы 87 офицер оқу-жаттығу жиындарына шақырылды

1223

Аталған жиындар жұмылдыру ресурстарын даярлау және қайта даярлау, далалық дағдыны және іс-қимылдар үйлесімдігін арттыру мақсатында өткізіледі. 

Запастағы 87 офицер оқу-жаттығу жиындарына шақырылды

Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті 2019 жылғы 10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының әскери оқу мекемелеріне запастағы 87 офицер шақырылатын болады. Аталған жиындар жұмылдыру ресурстарын даярлау және қайта даярлау, далалық дағдыны және іс-қимылдар үйлесімдігін арттыру мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар жиындардың басты міндеті ретінде жауынгерлік үйлесімділік іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, қойылған міндеттерді орындау барысында бөлімшелерді басқаруды ұйымдастыру анықталған.

Жиыннан өтуге 40 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, запастағы офицерлер әскери оқу жиындарын өтуге шақырылады.

"Әскери оқу жиындарын өту кезінде ҚР заңнамасына сәйкес  жиынға қатысушылардың жұмыс орыны сақталып, Қорғаныс министрлігімен қарастырылған орташа еңбек ақысы төленеді. Әскери оқу жиындарының бағдарламасын сәтті меңгерген запастағы офицерлерге кезекті әскери әскери атақтары беріледі. Әскери оқу жиындарын өту кезінде әскери міндеттілер жалпы әскери нормлаларға сәйкес әскери киіммен, азық-түлікпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу