Зейнетақы активтері 15,7 трлн теңгеге жетті – Ұлттық Банк

501

Зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын шамамен 47 млрд теңге алынған.

Зейнетақы активтері 15,7 трлн теңгеге жетті – Ұлттық Банк Фото: baq.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлімдеді.

Оның сөзінше, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері 1 трлн теңгеге артып, сәуір айының аяғында 15,7 трлн теңгені құрады. 

"Жыл басынан бастап инвестициялық кіріс көлемі 482 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 664 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 81,8 млрд теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы – шамамен 47 млрд теңге болды", - деді Виталий Тутушкин Үкімет отырысында.

Еске салайық, осыған дейін инфляция сәуір айында 16,8%-ға дейін баяулағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу