Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін есептеу әдістемесі өзгерді

478

Жаңа жеткіліктілік шектері маусым айында жарияланады.   

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін есептеу әдістемесі өзгерді Фото: ulysmedia.kz

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесі өзгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау үшін келесі параметрлер пайдаланылады:

1) кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 9 %;

2) міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан ай сайынғы төлемдерді индекстеудің жылдық мөлшерлемесі – 8 %.

"Ең төмен жеткілікті шегі тиісті жастағы адамдар үшін өткен жылғы ең төмен жеткіліктілік шегінің мөлшерінен төмен болмауға тиіс, ол болжамды инфляция деңгейінен бес пайыздық тармаққа озыңқы түрде индекстеледі. Бұл ретте инфляцияның болжамды мөлшерлемесі ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу жүзеге асырылатын күнтізбелік жылға сәйкес келеді және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес айқындалады", – делінген қаулыда.

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі келесі формула бойынша есептеледі:

ЕТЖШx0 = 12 × БТx0 × äx0

х0 – салымшының жасы;

БТх0 – ай сайынғы төлемнің ең төмен мөлшері;

äх0 – зейнет жасына толғаннан кейін алушы өмір бойы алып отыратын болашақ зейнетақы төлемдерінің келтірілген құнын айқындау үшін қолданылатын коэффициент.

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегі – міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері.

Айта кету керек, бұған дейін  елімізде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегі қайта қаралатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу