Зеленский: Украина мен АҚШ жаңа кездесу барысын пысықтап жатыр

186

Келесі кездесу қашан өтетіні әзір белгісіз. 

Зеленский: Украина мен АҚШ жаңа кездесу барысын пысықтап жатыр Фото: americanprogress.org

Украина президенті Владимир Зеленский  сәрсенбі күні АҚШ пен Украина арасындағы келіссөздерде оң серпін байқалатынын, екі тараптың алдағы кездесуге дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Зеленский X желісіндегі парақшасында аппарат басшысы Андрей Ермактың АҚШ Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтцпен телефон арқылы сөйлескенін, оның нәтижесі келесі аптада шығуы мүмкін екенін жазды.

Ермак телефон арқылы әңгімелесу болған жеке жазбада айтты. Ол "әділ және тұрақты бейбітшілікке бағытталған алдағы қадамдарды" талқыланғанын, сондай-ақ АҚШ пен Украина арасындағы екіжақты қатынастардағы "ұстанымдарды келісу" жайы қарастырылғанын баса айтты.

Украина басшысы сәрсенбі күні Брюссельде өтетін Еуропалық одақ саммиті қарсаңында біршама "халықаралық жұмыс" атқарылғанын да айтты. Ол Нидерланд, Португалия, Словения және Германиядағы әріптестерімен сөйлесіп, олардың көрсеткен қолдауына алғыс білдірді.

Осыған дейін АҚШ Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц қос тарап бір қадам артқа шегініп, екіжақты қарым-қатынастардың аспектілерін қайта қарап жатқанын айтты.

Айта кету керек, осыған дейін https://inbusiness.kz/kz/last/emmanuel-makron-resejdin-franciya-men-europa-ushin-kauip-katerge-ajnalganyn-malimdedi Эммануэль Макронның "Ресей Франция мен Еуропа үшін қауіп-қатерге айналғанын" мәлімдегенін жазғанбыз. Бұл ретте Вашингтон Зеленскийдің хатынан кейін Киевке жылы қабақ танытты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу