Жаңа жылға орай көлігін безендірген жүргізушілер айыппұл төледі

786

Мониторинг жүргізілді.

Жаңа жылға орай көлігін безендірген жүргізушілер айыппұл төледі Фото: Polisia.kz

Алматыда безендірілген көлік иелеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Mercedes және BMW көлігінің жүргізушілері көзге түсті.

Олар темір тұлпарын безендіріп, ҚР ӘҚБтК 590-бабы 7-бөлігін бұзған. 

Сондай-ақ олардың әрекетінен ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігінің талаптарын бұзу белгілері де анықталды.

Жергілікті полиция қызметкерлері көлік иелерін анықтап, жауапкершілікке тартты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу