Жағымсыз несие тарихы біржолғы зейнетақы төлемін жұмсауға кедергі бола ма?

1058

Жаңа ипотека алғысы келетін салымшылардың несие тарихы мінсіз болуы керек.

Жағымсыз несие тарихы біржолғы зейнетақы төлемін жұмсауға кедергі бола ма?

Біржолғы зейнетақы төлемін жаңа ипотека ресімдеуге жұмсағысы келген адамдардың несие тарихы мінсіз болса, ұтары да көп. Бірақ бұл жайт оны басқа қызмет түрлерінен шектей алмайды. Бұл туралы "Отбасы банктің" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты. 

"Жағымсыз несие тарихы біржолғы зейнетақы төлемін жұмсау туралы өтініштен бас тартуға себеп бола алмайды. Бұл дүниелердің бір-бірімен мүлде байланысы жоқ. Бірақ ақша арнайы шотқа түскеннен кейін өтінімдегі мақсатыңыз жаңа ипотекалық займ алу болса, екінші деңгейдегі банктердің ішінен ең тиімді шарт ұсынғанын таңдауыңызға тура келеді. Бұл жерде көптеген банк несие тарихына мән береді. "Отбасы банк" бойынша ғана нақты жауап бере аламын. Біз несие тарихын уақыты өтіп кеткен қарыздың бар-жоғына қарап бағалаймыз. Яғни, кешіктірілген қарызды кеше ғана төлеген болсаңыз да, жағымсыз тарихқа жатпайды. Біз өтінім бергенге дейін атыңызда төленбей кешігіп жатқан қарыз болмаса, өзге банктермен қарым-қатынасыңызға мән бермейміз. Ал 50 пайыздық алғашқы жарнамен ипотека ресімдеу кезінде басқа банктердегі жағымсыз несие тарихыңыз 90 күн өткеннен кейін біз үшін "жағымдыға" өзгереді", - деді банкир.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу