"Жайлы мектеп" ұлттық жобасының жүзеге асырылуы ерекше бақылауда болуы тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

1050

Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің күн тәртібінде "Жайлы мектеп" жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды.  

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасының жүзеге асырылуы ерекше бақылауда болуы тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өкінішке қарай, бүгінге дейін көп талқыланғанына қарамастан, үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесі шешілген жоқ. Сондықтан "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының жүзеге асырылуы Үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да ерекше бақылауында болуға тиіс", – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пен Есеп комитетіне әрбір теңгенің көзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

"Әкімдер жыл соңына дейін жер, инфрақұрылым жөніндегі барлық мәселені шешуі қажет. Мұнда еш ақталудың реті жоқ. Сондықтан аталған жұмыстың орындалуына әкімдерді тікелей жауапты етіп бекіту жөніндегі Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Құрылысы 2023 жылы басталуға тиіс мектептер үшін жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселе бір ай ішінде шешілуге тиіс. Қалғандары жыл соңына дейін. Олар бюрократияны азайту, нақты мәселелердің шешілуін созбалаңға салу проблемасын реттеуі керек", – деді Қ.Тоқаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу