Атырау облысы ПД 3 шілде күні сағат 20:05 шамасында Жайық өзенінде қайықтар соқтығысқанын хабарлайды. Аталған қайықтар Жайық өзенінде адамдарды серуендету қызметін атқарған.
Біреуінде 10 адам, екінші қайықта 25 адам болған. Әр түрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілген.
ҚР ҚК 344-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу