Жайыққа батып кеткен тағы бір баланың денесі судан шығарылды

198

Туған ағалы-інілі екі жасөспірім жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кетті. 

Жайыққа батып кеткен тағы бір баланың денесі судан шығарылды Фото: Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментіш

22 шілдеде сағат 07:50 шамасында суға батып кеткен 2010 жылы туған жасөспірімнің денесі оқиға орнынан 5 км қашықтықта су бетіне шығып, құтқарушылардың күшімен судан шығаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

20 шілдеде Көкарна шағын ауданы тұсында Жайық өзенінде 2010 және 2011 жылы туған ағалы-інілі екі жасөспірім жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кетті.

2011 жылы туған жасөспірімнің денесін ТЖД құтқарушылары сол күні сағат 19.30-да 4,5 метр тереңдіктен шығарды.

"Іздестіру жұмыстарына ТЖД 15 жеке құрамы, 5 жүзу құралы жұмылдырылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының аумағында шомылу маусымы биыл әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз", - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу