Астана соты жергілікті тұрғынды терроризмге қатысты жалған ақпарат бергені үшін бір жарым жылға соттады. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.
Сот материалында көрсетілгендей, аты-жөні айтылмаған сотталушы 2016 жылдың 30 маусымында Астанадағы Sine Tempore сауда үйінде әлдекімдер терактіге дайындалып жатыр деп полицияға хабарлаған.
"Сауда орнына келген құқық қорғаушылар терроризм актісіне дайындық туралы ақпаратты растамады", — делінген.
Астанадағы № 2 Алматы аудандық сотының шешіміне сәйкес, сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.
Baq.kz
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу